23
май
2023
Қамқоршылық кеңес және жалпы ата-аналар төрайымдарымен жиналыс
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектебінің 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызының басшылығымен 2023 жылдың 23 мамыр күні Қамқоршылық кеңес және жалпы ата-аналар төрайымдарымен жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде:
1.2022-2023 оқу жылының ІІ жарты жылдығында атқарылған оқу-тәрбие жұмысының қорытынды есебі;
2. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
3. Мектеп жанындағы және қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінің жұмысы туралы;
4. 9,11 сыныптарға арналған Мемлекеттік емтихан;
5.Жаңа оқу жылындағы оқушылар мектеп формасы;
6. Жазғы мезгілдегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік.
Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер толық қамтылды. Мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызы жыл бойындағы мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырып, мектебіміздің, ұстаздарымыз бен шәкірттеріміздің жеткен жетістіктері туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында мектепті бітіруші 4,9,11 сыныптарға бітіру кештерін ұйымдастыруына, мұғалімдерге, мекеме басшылығына сыйлықтар беруге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына, түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, мекемеге қажетті кеңсе заттары мен шаруашылық заттарын сатып алу және ақша, заттай жинауға қатаң тыйым салынғанын тағы да ескертті. Жалпы ата-аналар жиналысына Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Байсапаров Серікбай ата және ата аналар комитетінің төрайымы Данабекова Оразкүл апай қатысып, мектеп ұжымына көңілдері толатынын айтты. Ата-аналарымыз да алдағы уақытта да ҮШТІК ОДАҚ: мектеп-ата-ана-оқушы болып бірігіп бірлесе жұмыс жасауға әрқашан да қолдау білдіретінін айтып, мектеп ұжымына толағай табыс тіледі.

