23
май
2023
Асхана тазалығы талапқа сай
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектебінде бүгін, 2023 жылдың 23 мамыр күні асханада тексеру жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры мен ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі бірлесіп мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығын, ас әзірлейтін ыдыстарын, азық-түліктердің сақталуын және тамақтың сапасын тексерді. Асхана іші, тамақ дайындайтын блок, қойма іші, шикізат өнімдерін сақтайтын орын, ыдыстар таза. Ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігін, дайын тамақтың калориясын, асхананың тазалығы, таңбасы бар өндірістік үстелдер және асхана ыдыстары тексерілді. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді. Тамақ менюмен сәйкес, сапасы жақсы, температурасы тексерілді. Оқушылардың ыстық тамаққа келу деңгейі жақсы. Тыйым салынатын заттардың жоқ екендігі анықталды. Тоңазытқыш, қойма, асхана тазалығы тексерілді. Асхана тазалығы талапқа сай, дұрыс жүргізілген. Екі ауысымдағы ас мәзірімен таныстырылды. Тағамның мөлшерлері текскеріліп, жас ерекшелігіне қарай беріліп жатқандығы анықталды. Мектебімізде қазіргі таңда 1284 бала ыстық тамақпен қамтылған.



