23
май
2023
"ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ КҮНІ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектебінде «МЕЙІРІМ ЖҮРЕКТЕН» атты айлық іс- шара аясында 2023 жылдың 23 мамыр күні мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызының басшылығымен оқушылар арасында құқық бұзушылыққа қатысты нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында тележобалар мен деректі фильмдер көрсетілді.
Мақсаты: оқушылардың нормативтік құқықтық актілерді білуін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды іс-әрекетке саналы түрде баулу.


