04
май
2023
"Мейірімділік әлемді құтқарады"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектебінде бүгін, 2023 жылдың 04 мамыр күні мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызының басшылығымен мектеп психологі Амангелді Сымбат 5 сынып оқушыларының арасында
"Мейірімділік әлемді құтқарады" тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, балаларға мейірімділіктің адам бойындағы ең қымбат асыл қазынасы екенін ұғындыру.

