02
май
2023
«МЕЙІРІМ- ЖҮРЕКТЕН»❤️ атты айлық іс-шара аясында. "МЕН БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫМЫН!"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 2 мамыр күні баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, балаларға мейірімділіктің адам бойындағы ең қымбат асыл қазынасы екенін ұғындыру, балалардың бір-біріне деген достығын, қамқорлығын нығайту мақсатында қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызының бастамасымен қаламыздың білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған «МЕЙІРІМ ЖҮРЕКТЕН» атты айлық іс- шара аясында мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызының басшылығымен Мектеп Парламенті мен Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және педагог психологтарымыз Фариза Кушербаева мен Сымбат Амангелді оқушылар арасында "МЕН БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫМЫН!"атты тренинг сабақ өтті.
Мақсаты: оқушылар арасында буллингтің алдын алу, суицидті болдырмау, өмір қауіпсіздіктерін сақтау және өмірдің қымбат екенін ұғындыру.

