23
октябрь
2023
ҰБТ-ға дайындық
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 19 қазан күні мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызының басшылығымен
ДОІЖО Карабоева Роза Хамзақызы 11 cынып бітіруші түлектердің ата-аналары мен сынып жетекшілерінің басын қосып, биылғы 2023-2024 оқу жылындағы ҰБТ-ның өзгерістері мен ережелерін айтып түсіндірді. ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының кестесін құру, жүйелі түрде ұйымдастыру, пән бойынша мониторинг жасап отыру сияқты тапсырмалар берілді. Жиналыс барысында ата-аналар көкейлерінде жүрген ойларын айтып, пікір алмасты. Мектеп педагог-психологы Кушербаева Фариза ата- аналар жиналыс соңында психологиялық кеңестер берді және ата-аналар мен психологиялық тренинг өткізді. Жадынамалар тарқатылды, ата-аналар тренингке өте белсенді қатысып, балаларын тестілеуге дайындау барысын әнгімеледі, ой бөлісіп, ситуациялық сұрақтарға белсене жауап берді. Жиналыс соңында бітіруші түлектердің ата-аналары мектеп ұжымына толағай табыстар тілеп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.