01
июнь
2023
1 МАУСЫМ-БАЛАЛАР ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ "БАЛДАУРЕН" ЖАЗҒЫ АЛАҢША ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.
«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»
Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №131 жалпы білім беретін мектебінде , бүгін, 2023 жылдың 1 маусым күні мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызының басшылығымен және тәрбие жоспарына сәйкес, 1 маусым "Балаларды қорғау күніне" арналған "Біз бақытты баламыз!" мектеп жанындағы "БАЛДАУРЕН" жазғы алаңшаның ашылу салтанаты өткізілді.
1-маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.


