28
апрель
2023
«Ынтымақ- достық кепілі» 🤝
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектебінде бүгін, 27 сәуір күні мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызының басшылығымен ағылшын тілі пәні мұғалімі Ташманбетова Жансұлу «Ынтымақ-достық кепілі» тақырыбында Мектеп Парламенті мен Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт — дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт — саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.

