"Мейірімділік әлемді құтқарады"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектебінде бүгін, 2023 жылдың 04 мамыр күні мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызының басшылығымен мектеп психологі Амангелді Сымбат 5 сынып оқушыларының арасында "Мейірімділік әлемді құтқарады" тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, балаларға мейірімділіктің адам бойындағы ең қымбат асыл қазынасы екенін ұғындыру.