18
май
2023
«Мамандықты дұрыс таңдау- сапалы өмірдің кілті» тақырыбында
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №131 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 18 мамыр күні «Мамандықты дұрыс таңдау- сапалы өмірдің кілті» тақырыбында 11 сынып оқушыларына педагог-психолог Ф.А.Кушербаева тренинг жүргізді.
Мақсаты: Мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға дайындау кезінде оқушылардың бойында сенімділікті қалыптастыру. Оқушылардың бойындағы теріс күштерді жою, белсенділігін арттыру. Өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету.
Міндеті: Өзіндік сенімін арттыру. Өзіндік бағалауын анықтау. Оқушыларға ҰБТ-ны сенімді тапсыруға дайындау.
Тренинг барысында «ҰБТ-алдында психологиялық қолдау не үшін қажет?» сұрағына пікірталас болды. «Аяқталмаған сурет» әдістемесі жүргізілді. Сонымен қатар екі топқа бөлініп, 1 топ «120 балл», 2 топ «140 балл» қағаз қиындыларымен жасап шықты.
Тренинг соңында оқушылардан кері байланыс болды, белсене қатысты. Оқушылар бойында ҰБТ-ға баруға деген сенімділік ұялады.


