03
май
2023
"ГАЛСТУКСЫЗ БІР САҒАТ" Белгілі қоғам қайраткері мен жетістіктерге жеткен танымал тұлғалармен кездесу.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектебінде қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызының бастамасымен қаламыздың білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған «МЕЙІРІМ ЖҮРЕКТЕН» атты айлық іс- шара аясында мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызының басшылығымен 2023 жылдың 3 мамыр күні баланың бойына патриоттық тәрбие беру, кәсіпке баулу, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету және рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, мақсатында Мектеп Парламенті мен Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және қосымша білім беру педагогы Туғанбаева Айнаш әріптесіміздің ат салысуымен, бүгінгі «Бейбіт заманның батырлары»
Шымкент қаласы №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Бексұлтан Миятұлы Ибадулла мен аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты және «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны және адам өмірін аман алып қалғаны үшін» меделінің иегері Абылай Кульбаевпен ("Галстуксыз бір сағат") атты кездесу кеші өтеді.

