05
май
2023
«Мектеп-оқушы-отбасы» үштік одақ аясында.
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу,салт дәстүріміз- ұлттық болмысымыз бен қалыптасқан төл мәдениетіміз екенін насихаттау мақсатында мектебімізде «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында және «Мектеп- оқушы- отбасы» деп аталатын үштік одақтың арасындағы үйлесімді атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі ретінде «Жас қауырсын» жас ақындар клубының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 5 мамыр күні ақын ағамыз әрі мектебіміздің белсенді ата-анасы Бөлен Манарбек Көпбосынұлымен бірге «Өлеңім-өмірімнің айнасы» атты сыр-сұхбат кеші өткізілді. Мәртебелі поэзия әлемінде қайсарлық пен ақиқаттың алдас¬панындай жарқыраған, махаббат пен адалдықты жүрегімен жырлаған ақын ағамыз өзінің өмірі мен шығармашылығы бойынша үзік сырларымен бөлісе отырып,оқушыларға талай тағылымды әңгіме айтып,тәрбиелік мәні бар ақыл-кеңестерін де беріп өтті.
Кеш барысында оқушылар ақын ағаларының шығармашылығынан өлеңдер оқып,өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.
Кешті мектебіміздің директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызы қорытындылай келе, ақын ағамызға шығармашылық табыс тілеп, алғысын білдірді.

